Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Әлеуметтік маңыздағы 20-дан астам жолаушылар пойызын тексерді.

Көрнекі сурет: «Пассажирские перевозки»

Аталған комитет қызметкерлері жолаушыларды тасымалдау қағидалары нормаларын сақтау бойынша Астана-Алматы, Қызылорда-Петропавл, Астана-Шымкент, Қызылорда-Павлодар, Қызылорда-Көкшетау, Алматы-Жезқазған, Алматы-Саратов және т.б. әлеуметтік маңыздағы 20-дан астам жолаушылар пойызын тексерді.

Тексеріс барысында 284 келісім міндеттемелері бұзылғаны анықталған. Оның ішінде жолаушылар вагондарының ішкі және сыртқы келбетінің нормаға сәйкес келмеуі, вагондарда кондиционерлердің болмауы және ерекше қажеттілігі бар жандардың жағдайы ескерілмеуі, санитарлық-техникалық жағдайдың сақталмауы және басқа да фактілер тіркелді.

Айыппұлдардың жалпы сомасы 10 млн теңгеден асты. Айыппұлдар Ұлттық тасымалдаушыға да, жеке тасымалдаушыларға да салынады.

Айта кетсек, елімізде 110 тұрақты әлеуметтік маңызы бар бағыт бойынша пойыздар қатынайды. Жаздың соңына дейін комитет қызметкерлері қалған жолаушылар пойыздарын кестеге сәйкес тексереді.

Ұқсас жаңалықтар

«Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі өтіп жатыр

admin_altyalash

Жаңа Ата Заңда «адам» сөзі 76 рет кездеседі: Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігін атады

admin_altyalash

Қазақстандық журналист Айдос Садықов Киевте қайтыс болды

admin_altyalash