фото:ашықдереккөз
Елімізде сауынды сиырлардың артуына байланысты сүт өндірісі де қарқынды дамып келеді. Статистикаға сүйенсек, жылдың бірінші жартысында елімізде ірімшік пен сүзбе өндірісі 16,8%-ға, ашытылған сүт өнімдері 5,6%-ға өсті. Сүт өндірісі де 4,8 пайызға өсіп, 1,7 миллион тоннаны құрады.
Сонымен қатар тірі салмақта ет өндіру 4,1 пайызға өсіп, 878,7 мың тоннаны құрады. Тауық жұмыртқасын өндіру 0,3%-ға өсіп, 2,1 млрд. дана. Өңірлер бойынша ең жоғары өсу қарқыны Түркістан, Қостанай, Алматы, Павлодар, Жамбыл, Қызылорда және Атырау облыстарында байқалады.Жыл басында өңделген күріш – 11%-ға, өсімдік майы – 9,3%-ға артты.
Еліміздің ауыл шаруашылығының жалпы өнімі жылдың бірінші жартысында 1,6 трлн теңгеге жетті. Бұл статистика мал шаруашылығындағы өнім көлемінің 3,5%-ға, өсімдік шаруашылығындағы 3%-ға артқанын көрсетіп отыр. Сонымен бірге өңделген өнімдердің үлесін өндірілген шикізаттың 70%-ға дейін арттыру үшін жақын болашақта жаңа жоспар бекітіледі. 2028 жылға қарай бұл көрсеткіштер едәуір артады деп күтілуде. Ал жобаны толыққанды жүзеге асыруға 372 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Қаражаттың басым бөлігі, яғни 150 миллиард теңге инвестицияға, ал қалған 222 миллиард теңге айналым қаражатына жұмсалмақ екен.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz