Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиКәсіпЭкономика

ҚҰС ЕТІН ӨНДІРУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

фото:ашықдереккөз

Құс етін өндіретін «Қарабалық» құс фабрикасын қалпына келтіруге назар аударылып жатыр. Poultry-Agro(бұрын Комсомольская деп аталды) 2020 жылдың қарашасында іске қосылды. Аз уақыттың ішінде фабрика өндірістік қуатқа шығып, Қазақстанның бірнеше өңіріне өнім беріп жатыр.

«Жобаны үкімет деңгейінде жүзеге асыру үшін құс фабрикасы ТОП-8 жобаға енгізілді, олардың алдында қазақстандық нарықты отандық құс етімен қамтамасыз ету міндеті тұрды. Қазіргі уақытта компания өнімдері Қостанай, елорда және еліміздің басқа облыстарындағы сауда желілерінде сатылуда», — деді компанияның бас директоры Қайрат Майышев Facebook парақшасында.

Фабрикада толық өндірістік цикл бар: қазіргі уақытта кәсіпорын аумағында 12 құс қорасы, жем зауыты, сою және құс етін өңдеу цехы бар. Барлық қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген. Құс фабрикасында 200-ден астам адам еңбек етеді.

Өндірістің экономикалық тиімділігі Қазақстанда құс етін тұтынудың орташа жылдық өсу қарқыны 1,3% құрап, 263,9 мың тоннаға жеткенімен байланысты. Қазақстанда жан басына шаққандағы құс етін тұтыну 12,9 кг құрайды. Қазіргі таңда кәсіпорын өндіріс қуатын арттыруды жоспарлап отыр. Қарабалық құс фабрикасының 1976 жылы жоғары мемлекеттік награда «Құрмет белгісі» орденімен марапатталғанын айта кеткен жөн.

 

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

Ұқсас жаңалықтар

Казахстан – Эстония: В каких сферах две страны будут развивать сотрудничество

admin_altyalash

Бейбарыс Каблан стал Чемпионом мира по таеквондо (WT) среди спортсменов до 21 года

admin_altyalash

РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ

admin_altyalash