— Сауд Арабиясында IChO-2024 химиядан 56-ші халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Біздің барлық оқушымыз жүлделі орын иеленді, оның екеуі — ең жоғарғы марапат, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» орталығына сілтеме жасап.
International Chemistry Olympiad дүниежүзілік ең беделді топ-7 олимпиаданың қатарына кіреді.
Біздің құрама үшінші жыл қатарынан жоғары нәтиже көрсетіп келеді.
Биыл жас химиктер қос алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленіп, 100% нәтиже көрсетті.
- Ринат Илюсизов — Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;
- Кирилл Ким — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;
- Абылай Кабдулхадыр — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;
- Әділжан Молдағұл —Ақтау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Қазақстан құрама командасының жетекшілері: Азамат Жақсылықов және Санжар Бегдайыр — республикалық, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.
Айта кетсек, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен құрама команда мүшелері бірнеше республикалық және халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатысып, 2024 жылғы Еуропа және Дүниежүзілік олимпиадаларда 100% нәтиже көрсете білді.
Халықаралық ірі олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларға еліміздің жоғары оқу орындарына конкурстан тыс грантпен оқуға түсуге мүмкіндік беріледі.