Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

ТЖМ авиациясы: әрбір ұшу – құтқарылған өмір

ТЖМ авиажасағы – төтенше жағдайларда жедел әрекет ететін маңызды күштердің бірі.  Құтқару, іздестіру-құтқару, санитарлық авиация, аэровизуалды мониторинг, өрт сөндіру жұмыстары, шұғыл қызметтерді атқарады.

2026 жылдың алғашқы үш айында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы 474 ұшу орындады.

Санитарлық авиация желісі бойынша 121 ұшу жүзеге асырылып, 121 пациентке дер кезінде көмек көрсетілді.

Көктемгі су тасқыны қаупі бар өңірлерде 36 ұшу ұйымдастырылып, 250 су тасқыны қаупі бар елді мекенге әуеден тексеру жүргізілді.

Аталған жұмыстардың барлығын ТЖМ әуе паркі жүзеге асыруда.

ТЖМ авиациясы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы өз жұмысын жалғастырады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Экономика өсіп, инфляция төмендеуде – Әлихан Смайылов Қазақстанның 2023 жылғы даму қорытындылары туралы

admin_altyalash

«Елдік рухым – домбыра»: «Жастар рухының» белсенділері мерекелік концерт ұйымдастырды

admin_altyalash

Қазақстан онлайн қызмет көрсетуден әлем бойынша 8-орында – Бағдат Мусин

admin_altyalash