Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ: 5 МЛН ТОННА АСТЫҚ ЖИНАУ КҮТІЛЕДІ

фото:ашықдереккөз

Ақмола облысында биыл жоғары астық жиналады деп күтіліп отыр. Бұл ақпаратты Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов хабарлады. Облыс басшысының айтуынша, өңірде өнеркәсіп өндірісі, ауыл шаруашылығы жалпы өнімі, көлік қызметі мен байланыс саласында нәтижелер жоғарылап келеді. Бүгінде қаржы институттарының қолдауымен облыста 7 сүт-тауарлы фермасының құрылысы басталды. Ал жыл басында аймаққа 179 миллиард теңге инвестиция тартылып, жаңа жобалар жүзеге аса бастаған. Бүгінде инвестициялық қоржынға 1,7 мың жұмыс орны ашылып, 187 жоба іске асады.

Аршалы ауданында республикалық маңызы бар «Ақмола» индустриалды аймағы құрылды. Сондай-ақ, «бір терезе» қағидатын қолдана отырып, әлеуетті инвесторларды тарту және қолдау мақсатында елордада «Aqmola invest» инвестициялық даму орталығы ашылды. Елімізде агроөнеркәсіптік кешенді жаңғыртудың, оның ішінде егін жинау науқандарын уақтылы және сапалы өткізудің маңызы жоғары. Айта кетейік, еліміздің астықты аймақтарында биыл астық жинау орташа деңгейден жоғары болды. Ал кейбір болжамдар бойынша – рекордтық көрсеткіш.

 

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

 

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде төрт әуежай салынады

admin_altyalash

Бұл жер инвесторлар үшін тартымды инвестициялық орталыққа айналып отыр

admin_altyalash

Астанада халықаралық симпозиумда Алтын Орда мұрасына қатысты Қарар қабылданды

admin_altyalash