фото:ашықдереккөз
Қазақстанның Конгоға дәнді дақылдарды экспорттаудың мүмкіндігі артып келеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Президенті Денис Сасу Нгуессомен келіссөзде барысында келіссіөздерге қол қойылды.
«Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында өңдеу өнеркәсібі, көлік, логистика және энергетика саласы мәселелері бойынша келіссөздер өтті. Екі тараптың үкіметтері өзара сауда көлемін арттыруға мүдделі. Қазақстанның Конгоға дәнді дақылдарды экспорттаудағы әлеуеті зор», – деді Тоқаев.
Ол келіссөздер барысында көлік-логистика саласындағы екіжақты байланыстарды арттыру мүмкіндіктері де жан-жақты талқыланған ын атап өтті.
«Егер Конго Республикасы Орталық Африка аймағының қақпасы болса, онда Пуэнт-Нуар порты оның кілті ретінде қызмет етеді. Теңіз портының әлеуеті зор, Қазақстан бұл порттың мүмкіндіктерін пайдалануға мүдделі. Біз өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Сондықтан мен Конго Республикасының басшылығы мен іскер топтарын 2025 жылы өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырдым. Осы шара аясында Африкадан келген мәртебелі қонақтарымыз Қазақстанның экономикалық әлеуетін тереңірек тани алатынына сенімдімін», – деді ол.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz