фото:Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды altyalash.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар Президент өкімімен Қуат Жалалитденұлы Сандалов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды,- делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.