Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиКультураДуховность

Әлемнің 10 елінен келген скауттар көшпенділердің тұрмыс тіршілігімен танысуда

Ақмола облысында Nomads camp 2024» халықаралық скауттар слетінің салтанатты ашылуы өтті. Әзербайжан, Жапония, Ресей, Германия, Нидерланды, Филиппин, Пәкістан, Оңтүстік Корея, АҚШ және Швеция сияқты 10 елдің отрядтары табиғатта бос уақытын өткізуге келді.

Кездесудің негізгі идеясы — жастардың мәдениетаралық диалогын құру үшін Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен және басқа мемлекеттерден келген скауттарды бір шаңырақ астына біріктіру.

Бір апта бойы скауттар көшпенділер салтымен өмір сүреді. Ең алдымен командалар киіз үйлерді өздері орнатуы керек. Жеті күн ішінде олар қазақ ұлттық тағамдарының, бүркіт өнері мен халық қолөнерінің негіздерін меңгереді. Сонымен қатар этно-лагерь тұрғындары үшін кедергілер жолағы, арқан саябағы, өрмелеу алаңы, садақ ату сабақтары және ұлттық ойындар дайындалды.

Бағдарламада қатысушы елдердің интерактивті алаңдары қарастырылған, онда әр команда өз Отанының мәдениетін таныстырады.

Ұқсас жаңалықтар

Определен состав национальной сборной Казахстана по шорт-треку на зимнюю Олимпиаду в Милан-2026

admin_altyalash

Новая система стимулирования медработников ПМСП направлена на профилактику хронических заболеваний

admin_altyalash

Премьеру спектакля о Наталии Сац показал театр из Казахстана в Москве. Как проходят Дни культуры двух стран?

admin_altyalash