Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы бозкілемге аяқ киімін қалдырып кетті

Фото: Sportarena.com

 – Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен бес дүркін чемпион атанған атақты кубалық балуан Михаин Лопес Нуньес кілемге аяқ киімін қалдырып, спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді.

Ол – Кубаның аса ауыр салмақта сынға түсіп жүрген үздік спортшысы. Михаин Лопес Нуньес Парижде бес дүркін Олимпиада чемпионы деген атаққа қол жеткізді.

Әйгілі балуан Париж Олимпиадасының финалында чилилік спортшы Ясмани Акоста Фернандесті 6:0 есебімен жеңді.

Белдесуден кейін Михаин бозкілем үстінде күреске арналған аяқ киімін шешіп, сол жерге қалдырып кетті. Лопестің бұл әрекетін көпшілік оның спорттық мансабын аяқтайтынымен байланыстырды.

Айта кетейік, қазақстандық балуан Демеу Жадыраев жартылай финалда әзербайжандық спортшы Санан Сулеймановпен кездесіп, қарсыласын 6:1 есебімен жеңді. Осылайша ол Париж Олимпиадасының финалына шықты.

Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов поручил продолжить работу горячих линий для реагирования на возможные вопросы граждан по восстановлению жилья

admin_altyalash

DOSCAR GROUP стал официальным партнером бренда Li Auto в Казахстане

admin_altyalash

На Кок-Тобе состоялся масштабный перфоманс «Жаңа ритмге қосыл» от Жаңа адамдар

admin_altyalash