Оқу жылына дайындық пысықталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Оқу жылына дайындық пысықталды

10.08.2024
0
Оқу жылына дайындық пысықталды

Қала мектептерінің қауіпсіздігі мен білім берудегі жайлылық – күн тәртібінен түспейтін мәселе. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын әзірлеген кезде де ең бірінші білім саласына айрықша басымдық берілді. Сондықтан жыл сайын жаңа оқу жылы жақындағанда білім нысандарының дайындық жұмыстарына мониторинг жұмыстары жүргізіледі.

«AMANAT» партиясы Шымкент қала­лық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Жол­дыхожаев, мәслихат депутаттары, фракция мүше­лері Айжан Наимбекова, Талғат Балтабаев, Лазиз Сулайманов, Абзал Зейнетаев №82 Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектепке барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш мектеп ғимаратының салынғанына 50 жылдан асқан. Білім нысаны соңғы рет 2015 жылы күрделі жөндеуден өткен екен. Қа­зір мұнда 1034 оқушы білім алса, оларға 108 мұға­лім сабақ беруде. Мониторинг барысында депутаттар мектеп кітапханасы толық жабдықталмағанына, оқушылар үшін оқу залы қарастырылмағанына көз жеткізді. Сондай-ақ жылу жүйесінің жұмы-сы, асхана мен спорт залдың жағдайы мәз емес екенін байқаған. Одан бөлек, мектепте акт залдың жоқтығы назарға алынып, тиісті жұмыстардың орындалуын мейілінше оңтайландыру керегі айтылды. Сонымен бірге депутаттар қаладағы Абай ауданына қарасты Жаңаталап тұрғын алабында орналасқан Т.Тәжі­баев атындағы №81 жалпы орта білім беретін мектепке барды.

Депутаттар мектеп ғимаратының талапқа сай болуына назар салып, оқушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне айрықша мән берді.

– Балалардың қауіпсіздігі мен қорғанысы дегеніміз тек бақылау камерасы, өткізу режи-мі, дабыл түймелері ғана емес, төтенше жағдай кезіндегі мектеп қызметкерлері мен оқушы-лардың өзін-өзі ұстауы, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруы да өте маңызды. Біз осы тақырып-тардың өзектілігіне тоқталып, ұсыныс-пікірлер айттық. Балалардың қауіпсіз жерде болуына бар жағдайдың жасалуы маңызды, – деді Мұрат Жаңабайұлы кездесулерден кейінгі қорытынды жиын барысында.

Берік БЕК

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

10 тамыз – Абай күні.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын шабандоздар іріктелді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.