Астанада 30-дан астам мектеп салынып жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Астанада 30-дан астам мектеп салынып жатыр

12.08.2024
0
Астанада 30-дан астам мектеп салынып жатыр

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында мектеп мәселесі қалай шешіліп жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Астананың жаңа Бас жоспарында 2035 жылға дейін 430-дан астам әлеуметтік нысанның (мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер) құрылысы қарастырылған. Ал оның ішінде 164 нысан – мектеп. Осы жоспарды біртіндеп орындаймыз.
Қазіргі уақытта қалада 100 мыңға жуық оқушы орнына (екі ауысымды) арналған 30-дан астам мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылы ішінде 23 мектеп салынады. Бұл елорда үшін рекордты көрсеткіш болып саналады.
Мәселен, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Samruk-Kazyna Construction қалада 24 жайлы мектеп (2024-2025 жылдар аралығында) салады. Жаңа үлгідегі мектептер екі ауысымда 90 мың оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қаланы аралау барысында алдағы оқу жылының басында ашылатын мектептердің құрылысымен таныстым. Олар – 8 жайлы мектеп, мына мекенжайларда орналасқан:

– Сарыарқа ауданы, Ұлытау мен Наурыз көшелерінің қиылысында және Бейбарыс Сұлтан көшесінде;
– Нұра ауданы, Төле би көшесі мен 24 көшенің қиылысында;
– Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында;
– Нұра ауданы, Төле би, 31 көшелерінде, Мәңгілік ел даңғылы мен Е-497 көшесінің қиылысында, Орынбор мен №37 көшелерінің қиылысында;
– Алматы ауданы, А.Байтұрсынұлы көшесінде.

Сол сияқты оқу жылының басында жоғарыда аталған оқу орындарынан бөлек тағы 3 мемлекеттік және бір жеке мектеп ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жыл соңына дейін тағы 7 жайлы мектеп, 2 мемлекеттік мектеп және 2 жекеменшік мектеп ашу жоспарда бар.
Осылайша, жаңа оқу жылы ішінде 23 мектеп салынады. Біз сондай-ақ алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз», – деп жазды елорда әкімі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Серік Сәпиев Қазақстандағы легионер спортшыларға қатысты пікір білдірді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АҚШ-та өтетін Олимпиадада бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін – Ермек Маржықпаев

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.