inDrive рулі оң жақтағы автокөліктерді тапсырыстан шеттетеді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

inDrive рулі оң жақтағы автокөліктерді тапсырыстан шеттетеді

13.08.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Canva

– Көлік министрі Марат Қарабаев inDrive сервисінің негізін қалаушы Арсен Томскиймен кездесті. Министр жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бәсекеге қабілетті нарық құру қажеттігін атап өтті.

Биыл маусымның басында inDrive, Көлік министрлігі және Ішкі істер министрлігі арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. inDrive басшысының ақпаратына сәйкес, меморандум аясында қала ішіндегі және қалааралық тасымалдарда қауіпсіздікті арттыру бойынша бірқатар іс-шара жүргізіліп жатыр.

Платформаның жүздеген жүргізушісі жол қауіпсіздігі ережелері мен қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша оқудан өтті. Сонымен қатар тамыз айының басында «Алматы-Қонаев» тас жолының қауіпті учаскелерінде жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау тақырыбына билбордтар орналастырылды. Кездесу барысында платформа өкілі жол қауіпсіздігін арттыру бағыттағы жұмысты жалғастыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ниетті екенін айтты.

Сондай-ақ inDrive, Көлік министрлігі және Ішкі істер министрлігі арасында жылдамдық режимі бойынша деректер алмасу мәселесі талқыланды.

Министр таксомоторлық тасымалдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмыстың қажет екенін атап өтті:

  • жүргізуші жолға шығар алдында медициналық куәландырудан өтуі керек, еңбек және демалыс кестесін және жылдамдық режимін сақтауы тиіс;
  • таксомоторлық тасымалдарға тартылған автокөлік міндетті түрде Қазақстанда тіркеліп, жылына екі рет техникалық байқаудан өтуі тиіс.

Меморандумға сәйкес, құжаттарды қайта тексеруді, фотобақылауды және шетелдік тіркеуі бар автомобильдердің құжаттарын тексеруді қоса алғанда, рөлі оң жақта орналасқан автомобильдерді анықтау және жүйеден шығару бойынша арнайы шаралар жүргізіледі. Заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жүргізушілерге 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап хабарлама жіберіледі және inDrive қосымшасынан ажыратылады.

Сондай-ақ Көлік комитеті мен inDrive деректері негізінде автомобиль моделіне, рөлді басқару түріне байланысты жол-көлік оқиғалары бойынша статистикалық деректерге бірлескен талдау жүргізіледі. Талдау жолаушыларды тасымалдау үшін рөлі оң жақта орналасқан автомобильдердің қауіпсіздігін неғұрлым толық әрі объективті бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қолданушылардың пікірі мен Ішкі істер министрлігінің заң бұзушылықтар туралы мәліметтер негізінде ережелерді үнемі бұзатын жүргізушілер тапсырыстарды орындаудан уақытша немесе біржола шеттетілуі мүмкін.

«Біз үшін басты қағида – қолданушылардың қауіпсіздігі. 2024 жылдың екінші тоқсанының соңына дейін біз мүгедектігі бар жандарға арналған жеке қажеттіліктер мен балалар орындығының болуы қажеттігі туралы хабарлауға мүмкіндік беретін қосымша функционалды енгізуді жоспарлап отырмыз. Біздің платформаның жүргізуші серіктестері үшін жол қозғалысы ережелерін сақтау, жолаушылармен қарым-қатынас ережелері және ақпаратты барынша тарату мақсатында жүлделер ұтып алу мүмкіндік беретін қала аралық тасжолдарда қауіпсіздік ережелері тақырыбында онлайн және офлайн тренингтер өткізіледі», – деді қалааралық inDrive басшысы Борис Хван.

Одан бөлек, қосымшаны қолданушыларды құлағдар ету мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің тас жолдардағы жол қозғалысы туралы, көліктің техникалық жай-күйін тексеру және қауіпсіздік белдігін тағу қажеттігі туралы автоматты хабардар ету жүйесі іске қосылады.

Сондай-ақ жүргізушілерге көлікті айдау жылдамдығын белгіленген көрсеткіштен жоғарылатпау және агрессивті жүргізбеу керектігі ескертіледі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астанада Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы Жастар ынтымақтастығының келешегі талқыланды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«TikTok» әлеуметтік желісінде құмар ойындарын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін сотталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.