Сенатор Нұртөре Жүсіп Алматы кітапханашыларымен оқырман қатарын көбейту мәселелерін талқылады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сенатор Нұртөре Жүсіп Алматы кітапханашыларымен оқырман қатарын көбейту мәселелерін талқылады

13.08.2024
0
Сенатор Нұртөре Жүсіп Алматы кітапханашыларымен оқырман қатарын көбейту мәселелерін талқылады
фото:Сенаттың Баспасөз қызметі
Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасына барып, оның материалдық-техникалық базасымен және кітап қорымен танысты. Сондай-ақ қала кітапханаларының басшылығымен және қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуге қатысушылар электрондық кітапханалар мен мұрағаттарды дамыту үшін цифрлық технологияларды енгізу, жас мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары және азаматтардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мәселелерін талқылады.

Сенатор аталған кәсіптің тартымдылығын арттыруға, әлеуметтік кепілдіктерді жақсартуға, сондай-ақ кітапханашылар мен мұрағат қызметкерлерінің мәртебесін нығайтуға арналған осы саладағы мемлекеттік реформалар туралы айтып берді.

Сонымен қатар Нұртөре Жүсіп соңғы жылдары Қазақстанда әдебиетке деген қызығушылықты жандандыру және әсіресе, жастар арасында оқу сауаттылығын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүріп жатқанын атап өтті. Кітап культін құру, кітапхана жүйесінің рөлі мен әлеуетін күшейту, жаңа көркем контентті, оның ішінде қазақ тілінде дамыту жұмыстарын жүргізу аса маңызды екенін тілге тиек етті. Бүгінде кітап оқушылардың үштен екісі мемлекеттік тілде оқиды және қазақ тілді халықтың саны айтарлықтай өсіп келеді.

«Мемлекет басшысы кітап оқуды арттыру және жаңа кітаптардың мазмұнын байыту туралы үнемі айтып келеді. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында оқыған ұлт үлкен жетістіктерге жете алатынын атап өтті. Парламент депутаттары кітапханаларды жабдықтау, кітапханашылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және басқа да мәселелерді әрдайым назарда ұстап келеміз. Өзім де депутаттық сауалдарымда кітапханаға қатысты мәселелерді үнемі көтеріп отырамын. Соның ішінде жалақының төмендігі және кітапханашыларға әлеуметтік кепілдіктердің жоқтығы, кітапхана ғимараттарының ескіруі сияқты жүйелік мәселелерді және тиісті ережелердің болмауына байланысты біліктілікті арттыруға мүмкіндіктің жоқтығын атап өттім», – деді Нұртөре Жүсіп.

Сондай-ақ сенатор өзінің жақында шыққан «Қоғамдық кешігу» және «Жарық сәуле» кітаптарын Ұлттық кітапхананың кітап қорына тапсырды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«TikTok» әлеуметтік желісінде құмар ойындарын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін сотталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін нығайту: ҚР ТЖМ-ге жаңа 11 әуе кемесі сатып алынады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.