Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарҒылым-БілімЖаңалықтар

Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды қаласының Пришахтинск ықшамауданында таяуда ғана ашылған «Кәусар» оқушылар сарайының қызметімен танысты.

Мемлекет басшысына мұндағы 13 үйірме мен секцияға 1600 бала қатысатыны жайында мәлімет берілді. Оқушылар игілігі үшін орталықта HI-TECH цех, шығармашылық шеберхана, хореография залы, ART-студия, дыбыс жазу, телевидение және фото студиялары, VR-архитектура және WEB-дизайн кабинеттері, Intellectum-студия, Интернет заттары кабинеті, роботты техника және техникалық шығармашылық зертханасы, STEM-зертхана, музыкалық студия, экологиялық орталық, спорт және ойын алаңдары ашылған.

Жалпы ауданы 3,3 мың шаршы метр болатын ғимарат сапалы қосымша білім алуға қажетті құралдармен толықтай жабдықталған.

Мемлекет басшысы жас ұрпақтың шығармашылық және креативті дамуының мәні зор екеніне назар аударды. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға, соның ішінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізуге баса мән беретінін атап өтті. Президент оқушыларды осы маңызды бастамаға белсенді түрде атсалысуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Мектепке дейінгі жастағы балалардың даму картасын автоматтандырды

admin_altyalash

ТЖМ басшысы әскери бөлімдерді жаңғырту бойынша міндеттерді айқындады

admin_altyalash

Қостанай облысының нәтижелері өңірлік тиімді модельдерге сүйенудің нәтижелі екенін көрсетіп отыр

admin_altyalash