Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Шекаралық қоршауларда өткелдер ашу мәселесі талқыланды.

фото: Экология министрлігі

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовпен бірге БҚО Жәнібек ауданында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында фермерлерді мазалап отырған мәселенің бірі – киіктердің егістік және шабындық жерлерді таптауы талқыланып, шаруалардың ұсыныстары қарастырылды.

Осы орайда министр шаруа қожалықтары жерлеріне киіктен келтіріліп отырған зардапты азайту және алдын алу мақсатында министрлік тарапынан бірқатар шара жоспарланып отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар, Ерлан Нысанбаев Жәнібек ауданында РФ Табиғи ресурстар және экология министрлігінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында киіктердің Орал популяциясы мезгілдік миграциясына кедергі болып тұрған шекаралық қоршауларда өткелдер ашу мәселесі талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Неправительственные организации Казахстана обсудили Послание Президента РК

admin_altyalash

Национальная сборная РК по кокпару активно готовится к 5-м Всемирным играм кочевников

admin_altyalash

Euronews в Астане и развитие медиаграмотности в Казахстане: ключевые события в информационной сфере

admin_altyalash