Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді.
«Samruk- Kazyna» мен SOVICO өкілі арасындағы келісім процесі кесте бойынша жүріп жатыр. Қыркүйекте келісімді жабу жоспарланып отыр»-деді вице-министр.
Бұған дейін Көлік министрі келісім сомасы 2 млрд теңгені құрайтынын айтқан болатын. Сондай-ақ шетелдік инвесторға ел ішінде және шетелге жолаушы тасымалдау үшін кемі 20 әуе көлігін тіркеу талабы қойылған. Инвестор 20 емес, 50 әуе көлігін тартатынын мәлімдеген.