Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиКультура

Астанада БАҚ өкілдері мен блогерлерге арналған оқыту семинары өтті

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен блогерлерге діни тақырыптарды жариялау ерекшеліктері бойынша оқыту семинары өтті.Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Іс-шараның мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне діни мәселелерді дұрыс жариялауда көмек көрсету.

Семинарға жетекші телеарналар мен жаңалықтар сайттарының журналистері мен блогерлер қатысты.

Семинардың негізгі спикерлері Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Н. Назарбаев орталығының өкілдері болды.

Спикерлер материалдарды дайындау кезінде дұрыс діни терминдер мен ұғымдарды қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Семинар барысында қатысушылар діни тақырыптарды дұрыс қамту мәселелері бойынша жетекші сарапшылардан құнды ұсыныстар алды. Сондай-ақ журналистер мен блогерлердің алдында тұрған өзекті мәселелер мен кездесетін қиындықтар туралы талқыланды.

Этикалық аспектілерге, бейтараптық пен объективтілік принциптеріне, сондай-ақ діни төзімділікті сақтау және әртүрлі конфессияларды құрметтеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

В Казахстане запустили новый цифровой сервис «Закон и Порядок»

admin_altyalash

Закон и порядок – это, прежде всего, будущее нашего государства

admin_altyalash

На Кок-Тобе состоялся масштабный перфоманс «Жаңа ритмге қосыл» от Жаңа адамдар

admin_altyalash