Жол картасын әзірлеуге бастама көтерді. – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Тамыз 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Жол картасын әзірлеуге бастама көтерді.

26.08.2024
0
Жол картасын әзірлеуге бастама көтерді.

ҚР денсаулық сақтау министрлігі балалар арасында жазатайым жағдайлар мен жарақат алудың өсу үрдісіне орай балалар жарақатының алдын алу бойынша Жол картасын әзірлеуге бастама көтерді.

Ресми статистика деректері бойынша жыл сайын республикада балалар жарақат алуының 200 мың жағдайы тіркеледі, соның 70 пайызы үйде болады. Өткен жылы жарақат алу мен жазатайым жағдай
себебінен 1093 бала қайтыс болды, мың баланың денсаулығына қатты нұқсан келіп, мүгедек болып қалды.

Өлім-жітім бойынша сыртқы себептерден көлік қағып кету жағдайлары алда (22%), одан кейін аяқ астынан суға батып кету (13,4%), биіктен құлау – 5,4%, отпен ойнап қайғылы жағдайға душар болу (5%) деректері жиі кездесіп тұр.

«Денсаулық сақтау министрлігі өлім-жітім статистикасының өсіміне қатты алаңдаулы, 20 пайыз балаларды біз ауру салдарынан жоғалтып отырған жоқпыз, бұл сау баланы өлтірумен бірдей. Өлім-жітімның сыртқы себептерінің арасында анағұрлым маңыздысы –жол-көлік оқиғалары мен суға батып кету және биіктен құлау болып отыр. ЖКО кезінде балалардың қаза табуының көбеюі бұл мәселені шешуде ведомствоаралық кешенді әдістің қажет екенін көрсетеді, – деп атап өтті ҚР Президенті жанындағы ОКҚ алаңында өткен «дөңгелек үстелде» ҚРДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау Департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.

Жол-көлік оқиғалары кезінде балалардың қайтыс болуының негізгі факторларының ішінде жүргізушілер тарапынан жол қозғалысы ережесінің бұзылуы, велосипедтер мен самокаттарға арналған шлемді қоса алғанда жеке қауіпсіздік құралдарының жоқтығы бар, соңғы жағдайда қауіпсіздік құралдарын қолдану қаладағы көлік қозғалысының қарқындылығы мен жоғары жылдамдық кезінде міндетті болып саналады.

М. Ембергенованың сөзіне қарағанда, балалардың суға батып кету себептерін айтқанда, балалардың жартысына жуығы суға түскенде жүзуге қажет қауіпсіздік құралдарын, яғни құтқару жилеттерін,белдіктерін және жеңдіктерін пайдаланбайды. Соған қоса адамдардың суға түсу қауіпсіздігі үшін жағдай жасау мақсатында қауіпті резервуарлар мен суға түсуге арналмаған орындарда суға түсу мүмкіндігін жойып, суға түсу бассейіндерінің айналасын қоршау, балалардың суға түсуге үйрету, сонымен қатар суға түсетін орындарда жан сақтау іс-шараларын шұғыл қолдану мүмкіндіктерін жасау қажет.

Балалардың биіктен, әсіресе терезеден құлауы Қазақстандағы балалар арасындағы өлім-жітім себептерінің ішінде үшінші орында. Соңғы 3 жылда терезеден құлау статистикасы артып, өткен жылы 492 жағдайға дейін өсті, содан болатын өлім-жітім де көбейді. Бұл қайғылы жағдайлардың негізгі себепкерлері – баланы қараусыз қалдыратын отбасындағы ересектердің жауапсыздығы мен қаперсіздігі. Кішкентай бала өсіп келе жатқан пәтерлерде міндетті түрде түрлі механикалық
қорғаныс құралдарын орнату арқылы баланың терезеден құлауының алдын алуға болады.

ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тің «Бала жарақаттануының алдын алу туралы» мақаласында балаларға қатысты қайғылы жағдайлардың 80%-ы ата-аналардың кінәсінен болатыны айтылған. Ересектер
балаларын үйде, автокөлікте жалғыз қалдырады, көлікте бала тұншығады, көлік жүріп келе жатқанда қауіпсіздік белдіктерін тақпайды немесе балалар креслосын пайдаланбайды, су қоймалары мен басқа да қауіпті орындарда оларға дұрыс қарамайды.

«ЖКО кезінде және басқа да жағдайларда балалар өлімінің көбеюі бұл мәселені шешуде сектораралық, ведомствоаралық, кешенді тәсілдердің қажеттігін көрсетеді. Өзекті мәселені шешу үшін ҚР балалар жарақатының алдын алу бойынша 2025-2027 жылдарға
арналған Жол картасын әзірлеу үшін халықаралық ұйымдар өкілдерінің (ДДҰ, БҰҰ Балалар қоры(ЮНИСЕФ) қатысуымен Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Аида Балаеваның атынан жалған ақпарат тарады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әйнекті ұрып, ұрлық жасады: Астанада кезекті вандалдар табылып, жазаланды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.