Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанда «Fenomen Jas» жобасы аясында «Uly dala saryny» сыйлығы беріліп жатыр.Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жобаның мақсаты – табысты жастар өкілдерін насихаттау және үздік жастар ұйымдарын ынталандыру.
Байқауға еліміздің 14 пен 35 жас (қоса алғанда) аралығындағы тұрғындары мен қоғамдық қызметте табысқа жеткен жастар ұйымдары қатыса алады.
Байқауға өтінімді келесі номинациялар бойынша беруге болады:
«Үздік өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы – 2024»;
«Үздік қоғамдық қызметкер – 2024»;
«Үздік жастар ұйымы – 2024»;
«Жастар үні – 2024»;
«Үздік медиа – тұлға – 2024».
Өтініштер 2024 жылдың 26 қыркүйегіне дейін қабылданады. Жеңімпаздарды арнайы комиссия анықтайды.
Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.
Толығырақ:
https://www.instagram.com/fenomenjas?igsh=OXUzYmo1aTM0ZnBj
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі