Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Астанада «Zhas Alem» балалар мен жастардың шығармашылық фестивалі өтеді

30 тамыз күні Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Zhas Alem» балалар мен жастар шығармашылығының алғашқы фестивалі өтеді. Бұл туралы «Ерекше мерекелер» қоғамдық қорының директоры Ботагөз Игенбаева Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Фестивальді «Көктем» би ансамблімен бірлесіп «Ерекше мерекелер» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Іс-шара балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін, патриотизм мен өнерге деген сүйіспеншілігін дамыту, сондай-ақ фестивальді жыл сайын халықаралық деңгейде ұйымдастыру мақсатында өткізіледі.

Фестиваль музыкалық эстетикалық өнер саласында білім алушыларға қолайлы жағдай жасау және спортпен шұғылдануды насихаттау мақсатында өткізіледі.

Іс-шараға кіру тегін.

Айта кетейік, фестиваль Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Өтетін орны: Кенесары көшесі, 32, «Астана» концерт залы. Уақыты: сағат 11:00-де.

Ұқсас жаңалықтар

Ғани Бейсембаев: Қазақстандағы 1 879 мектептің 1 731-де Starlink спутниктері орнатылған

admin_altyalash

2020 жылы ақылы жолдардан қанша қаржы түсті

admin_altyalash

Музейдегі түн» — бұл жай ғана түнгі экскурсия емес

admin_altyalash