Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! 

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың конституциялық реформалары заң үстемдігінің салтанат құрып, қоғамды саяси тұрғыдан одан әрі жаңғыртуға тың серпін берді.

Әлеуметтік әділдік, рухани келісім, құқықтық теңдік сияқты құндылықтарды дәріптеп, тәуелсіздіктің берік тұғырына айналған Ата заңымыз береке-бірлігімізді бекемдеп, экономикамызды нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға табысты қызмет етіп келеді.

Еліміздің бас құжаты конституциялық құрылыстың негізгі тірегі ретінде орнықты дамуға, егемендігіміздің еңсесін биіктетуге үлес қоса бермек.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!

Ұқсас жаңалықтар

Нұрбек Оралбай: Маған қолдау көрсетіп жатқан Қазақ еліне алғысым шексіз

admin_altyalash

Жасанды интеллект саласында білікті кадрларды даярлау және зерттеулер жүргізу қажет.

admin_altyalash

Лондонда қазақша сөйлеу клубы ашылды

admin_altyalash