Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

Бұл – мемлекетіміз үшін айрықша мәні бар мейрам

Құрметті отандастар!Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын!

Бұл – мемлекетіміз үшін айрықша мәні бар мейрам.

Жұртымыз ортақ құндылықтарға негізделген жасампаз мақсаттарға жету жолында бар күш-жігерін  жұмылдырып, болашаққа сеніммен қадам басып келеді. Кең байтақ жерімізде түрлі этнос өкілдері өзара келісімде, тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды. Осы бірегей ұйым әуел бастан еліміздегі бейбітшілік пен татулықтың жаршысына айналды. Ассамблея азаматтарымыздың өзара құрметі мен ырысты ынтымағына сүйеніп, ұлтты ұйыстыруға елеулі үлес қосып келеді.

Халқымыздың ауызбіршілігі мен тілеулeстігінің арқасында мемлекетіміз дамып, қолға алынған ауқымды реформалар табысты жүзеге асырыла береді.

Еліміз теңдікке, өзара сенімге және мәдени әралуандылықтың жасампаз әлеуетіне арқа сүйеп, ел бірлігін одан әрі нығайта түседі.

Біз жұрт болып жұмыла білсек, кез-келген сынақты еңсеріп, биік белестерді бағындырамыз. Ұлтымыздың арман-мұраты – Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз.

Баршаңызға бақ-береке тілеймін!

Бірлігіміз бекем, аспанымыз ашық болсын!

Ұқсас жаңалықтар

Еуразиялық экономикалық одақ: Мүдде мен міндет

admin_altyalash

Елімізде 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді

admin_altyalash

Тоқаев Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті

admin_altyalash