ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Астанадағы жаңа мектептің ашылуына қатысты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Маусым 25, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Астанадағы жаңа мектептің ашылуына қатысты

02.09.2024
0
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Астанадағы жаңа мектептің ашылуына қатысты

2024 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда 90 мыңға жуық оқушыға есептелген 70 жаңа мектеп ашылды. Олардың ішінде Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептер де бар. Бағдарлама өткен жылы іске қосылып, белсенді түрде жүзеге асып келеді. 2025 жылға дейін ел бойынша 400-ге жуық мектеп ашу жоспарланған.

Астанада аталған жоба аясында 9 мектеп есігін айқара ашты, ал жыл соңына дейін тағы 14 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін елордада 24 жаңа мектеп бой көтереді. Бұл Елордадағы балаларға сапалы білім алу үшін айтарлықтай жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Бүгін № 104 мектептің салтанатты ашылуына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты. Ол оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, табыс тіледі.

«Ата-аналармен және мұғалімдермен бірге бірінші сынып оқушыларының алғашқы мектеп табалдырығын аттаған қуанышты сәтіне куә болдым. Биылғы оқу жылында бұл мектепке 1600 бала барды, олардың 200-і –бірінші сынып оқушылары. Құрметті оқушылар, баршаңызға оқуда үлкен жетістіктер тілеймін. Ерінбей еңбек етіп, биік мақсаттар қойсаңыздар, оған міндетті түрде жетесіздер. Әрдайым білімге құштар, арманшыл болыңыздар! Жаңа оқу жылы жаңа жетістіктерге жетелесін. Білім әлемінен басталған қадам жарқын болашаққа жол ашсын! Сондай-ақ ұлағатты ұстаздар қауымы мен ата-аналарды да  құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, мол игілік пен толайым табыс тілеймін!»,– деді Аида Балаева.

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» жобасының ерекшелігі – білім алушылар мен педагогтерге қауіпсіз және жайлы жағдай жасау. Жаңа мектептерде бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін жеке блоктар, қауіпсіздік шараларын арттыру, заманауи техникалық жабдықтау және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз кеңістік құру қарастырылған.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Психолог кеңесі: Баланы мектепке қай жаста берген дұрыс?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

“Жүргізуші тірідей өртеніп кетті”: БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.