Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты салдарынан ер адам көлікте тірідей өртеніп кетті, – деп хабарлайды altyalash.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 1 қыркүйек күні шамамен сағат 13.20-да Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тасжолында болған.
– Алдын ала болжам бойынша, Volkswagen Passat жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Subaru-мен соқтығысқан, – делінген облыстық ПД хабарламасында.
Жол апаты салдарынан Volkswagen жанып кетті. Салонда отырған жүргізуші де тірідей өртеніп кеткен. Ал Subaru-да отырған жолаушы оқиға орнында мерт болды.
Subaru-дың жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алған. Олар ауруханаға жеткізілді. Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.