Астанада «Ахмет – ұлт ұстазы» атты мәдени-танымдық кеш өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада «Ахмет – ұлт ұстазы» атты мәдени-танымдық кеш өтті

06.09.2024
0
Астанада «Ахмет – ұлт ұстазы» атты мәдени-танымдық кеш өтті

2017 жылы Үкімет қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып ресми бекітілген болатын. Осыған орай жыл сайын әртүрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл ізгі дәстүр бүгінде өз жалғасын тауып, Астана қаласының Жастар театрында Астана қаласының әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен «Ахмет – ұлт ұстазы» атты мәдени-танымдық кеш өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кеш шымылдығы «Алтын домбыра» өнер мектебінің күйшілерінің орындауындағы «Науай» және «Башмотой» күйімен ашылды.

Ары қарай Ахмет Байтұрсынұлының әндері шырқалып, күйлері орындалды. Сондай-ақ, кешке қатысып, өнер көрсеткен Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Ибрагим Ескендір сияқты әншілер кеш мерейін асырса, «Жастар театры» ұжымы Ахметтің өмірінен бір қиық көрініс қойып жұртты тәнті етті.

Ал кешке келген көрермендер ұлт ұстазының әлі де ашылмай жатқан қырларының көп екенін айтады.

«XX ғасырдың басында «Қазаққа қызмет етпей қоймаймын» деген Әлихан бастаған мемлекетшіл көсемдер алаш баласын бостандыққа жетеледі. Міне осы жолда аянбай еңбек еткен тұлғалардың бірі және бірегейі ол – Ахмет Байтұрсынұлы. Ол қазақтың әліпбиін жасап берді. Сонымен қатар, ол ән де, күй де шығарған тұлға. Демек ұлт ұстазы деген атқа нағыз лайықты адам болып өмір сүрді. Оның қазаққа сіңірген еңбегінің ұшан теңіз екенін болашақ әлі талай талқыға салатын болады. Бір сөзбен айтқанда Ахметтің туған күні, ол қазақ тілінің мерейтойы, ол алаш жұртының кеудесін мақтаныш кернеп, рухының көтерілетін күні» – дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР көркем академиясының академигі Марат Әбсемет.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Олжас Бектенов Ақмола облысының жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада балалар арасында бұқаралық спортты дамыту туралы меморандумға қол қойылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.