АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА ҰЛЕС ҚОСАДЫ – САРАПШЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Мамыр 13, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА ҰЛЕС ҚОСАДЫ – САРАПШЫ

08.09.2024
0
АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА ҰЛЕС ҚОСАДЫ – САРАПШЫ

фото:ашықдереккөз

Эколог, «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай атом электр станциясын салу арқылы еліміздегі ғылымның дамуына үлес қосамыз деді. Тек ол ғана емес 2035 жылға қарай болатын энергия тапшылығының алдын алып, елдің экономикалық тұрғыда тұрақтылығын қамтамасыз етілетін көрінеді.

«Егер атом-электр станциясын дамытатын болсақ, сол салада барлық ғылым дамиды. Біз Қазақстанда айтамыз ғой. Ғылым дамымай жатыр. Ғылым академиясы жабылып қалды дегендей. Енді сол ғылымды дамытатын осы –  АЭС. Сол себепті біз ғылымға тереңірек қарасақ дұрыс болар еді. Өйткені бізде тек тұтынушылық қана ғылым дамып отыр» – деді эколог Азаматхан Әміртай.

Эколог дүйім жұрттың Украина мен Жапониядағы атом-электр станцияларының апаты қайталана деп қорқатынын айтты. Алайда заманауи атом станциялары өзгеше жарақтандырылып, автоматтандырылады екен.

«Фукусима мен Чернобыльге байланысты халықта әрине қорқыныш бар. Мәселен, Чернобыльдегі жағдайды алсақ, онда ескі технология болғанын ескеру қажет. Онда адами қателік болды. Уранды байыту кезінде бақыланбай қалғаннан болды.  Ал Фукусимада жер сілкінісінің әсерінен апат болды. Бірақ қазір заман басқа. Заманауи атом станциялары автоматтандырылған. Егер қателік кетсе санаулы секундтарда шешім қабылдайтындай технологиялар жұмыс істейді» – дейді эколог.

Энергетика саласында 20 жылдан астам еңбек еткен кәсіпкер Шыңғыс Серіков, керісінше, Қазақстанның болашақтағы энергетикалық тәуелсіздігі тек атом энергетикасын дамытумен байланысты екеніне сенімді. Ол өзінің негізгі дәлелдері ретінде бірнеше маңызды факторларын атады. Мәселен, Қазақстан барланған уран қорының саны бойынша әлемде екінші мемлекет, оның өндірісі бойынша бірінші орында және отын элементтерін өндіру дамыған. Мемлекет әртүрлі елдерге уранды экспорттайды.

«Бар болғаны электр қуатының тапшылығы мәселесін шешетін атом электр станциясын салу ғана қалды, біз елде тұтынылатын барлық энергияның 20 пайызын үнемі Ресейден сатып алуға мәжбүрміз. Оның айтуынша, 30-50 жыл аралығында салынған жылу және су электр станцияларын жаңғырту тым қымбатқа түседі. 30 жыл бойы Қазақстанда бірде-бір жаңа электр станциясы салынбады, тек Алматының маңында қуаттылығы 300 МВт болатын Мойнақ су электр станциясы пайда болды. Бұл теңізге тамған тамшыдай ғана үлес», – деді ол.

Еске салайық, 6 қазанда Қазақстанда атом-электр станциясын салуға қатысты бүкілхалықтың дауыс беру өтеді. Референдумда «иә» және «жоқ» деген қос жауап беріледі.

 

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада “Көшпенділер Әлемі” этноауылы ашылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Елордалық Достық үйінде Дина Нұрпейісованың шығармашылығы туралы кітаптың таныстырылымы өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.