фото:ашықдереккөз
Ауылды мекендерде ауыл шаруашылығының дамуына берілетін мүмкіндіктер кеңейе түсуі керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа жолдауында өңірлердегі шаруашылықтың дамуына кеңінен тоқталды. Президент, әсіресе, халыққа өз өнімдерін өңдеп, сатуға мүмкіндік беретін технологиялар жайлы да сөз қозғады. Ел басшысы мысалға келтірген «Агросауат» орталығы да көпке үлгі. Жамбыл облысы Меркі ауданында ашылған бұл орталықтың негізгі бағыты – оқу-әдістемелік, яғни қаржылық сауатты арттыруға жағдай жасау. Негізгі алаңы – 243 метр. Мұнда кредит төлеу мерзімін 90 күннен астам кешіктіргенде егін, құс және мал шаруашылығын жүргізу үшін арнайы курстар оқытылады. Оның ішінде теориялық және тәжірибелік сабақтар тегін түрде үйретіледі.
Негізгі басымдық практикалық сабақтарға беріледі. Ол үшін арнайы 5 алаң қарастырылған. Жалпы қаржыландурыға 15 млн 600 мың теңге беріледі. Үкімет орталықтың жұмысымен жете таныс. Осы жылдың тамыз айында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова оқу орталығының жұмысын көруге барған еді.
Бүгінде «Агросауат» оқу орталығында 130 адамды оқуға дайындаған. Мұнда борышкерлер өзінің табысының 50 пайызын несиені жабуға, 25 пайызы пайызы тауарлы несиені өтеуге, ал қалған 25 пайызы өзінің қажетіне беріледі. Мамандар орталық орналасқан ауылдық округке анализ жасап, жалпы ауданда 8-9 бағытта тауар өндіруге болатынын анықтаған.
«Агросауат» оқу орталығында 130 ашық және жабық топырақта құлпынай мен таңқурай, түрлі алма сорттары, көшеттер, қант қызылшасы, құс шаруашылығы бағыты бойынша бройлер өсіру, ірі қара малды бордақылау бағыттары бойынша жұмыс істеп келедіү
Тағы бір артықшылық банк алдындағы қарызын толықтай жауып, борышынан құтылғандар «Ауыл аманаты» бағдармасының 2,5 пайыздық кредит алуына болады. Сонымен қатар «Қарызсыз қоғам» жобасы 2023 жылдың 2 мамырда басталған еді. 1,5 жылдың ішінде нәтиже көрсеткен бұл жоба өзге аймақтарда да жалғасын табады.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz