«Кеше партияласым Дмитрий Васильевтің ұсталғаны туралы ресми жауап (Ұлттық қауіпсіздік комитетінен) алдық. Оның адвокаттарымен байланысқа шығуға тырыстық, алайда хабарласу мүмкін болмады. Сондықтан адвокаттардың берген жауабынан кейін істің мән-жайын анықтаймыз», – деді А.Перуашев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, Дмитрий Васильевтің қай бап бойынша ұсталғаны туралы нақты ақпарат жоқ.
Осы жағдай бойынша таяу арада партияның сайтында қосымша ақпарат беріледі.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.