Сенат Төрағасы көшпенділер ойындарына қатысып жатқан отандық спортшылармен кездесті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Тамыз 17, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сенат Төрағасы көшпенділер ойындарына қатысып жатқан отандық спортшылармен кездесті

12.09.2024
0
Сенат Төрағасы көшпенділер ойындарына қатысып жатқан отандық спортшылармен кездесті
Суретті түсірген: Н.Байбулин
 Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарыаясында этноауылда өткен жамбы ату сайысының финалдық кезеңіне арнайы барып, қазақстандық спортшыларға қолдау білдірді.Бұл туралы Сенаттың Баспасөз қызметі хабарлайды 

Палата Спикері өз сөзінде Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спортты және тарихи мұраны дәріптеуде айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

«Көшпенділер ойындары – ұлттық спорт түрлерін және көшпенді халықтардың тарихи мұрасын дәріптейтін бірегей бастама. Сондықтан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Көшпенділер олимпиадасы деп атаған осындай ауқымды іс-шараны өткізу елімізді танытып, тарихымызды насихаттау тұрғысынан аса маңызды. Бұл жобаны осыдан он жыл бұрын қырғыз ағайындарымыз алғаш рет ұйымдастырған болатын. Содан бері көшпенділер ойындары игі дәстүрге айналды. Биыл Қазақ елінде өтіп жатқан Ойындар ұйымдастыру деңгейі, қатысушы елдердің саны және сайыс аясындағы мәдени бағдарламалардың ауқымы жағынан ерекше екені сөзсіз», – деп, Мәулен Әшімбаев барлық спортшыға сәттілік тіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Көшпенділер ойындарында спортшылар жамбы атудың төрт түрі бойынша сынға түсіп жатыр. Нақты айтқанда, олар корея, түрік, мажар және қазақ стилі бойынша бақ сынайды Аталған спорт түрінен 27 елден келген 78 мерген чемпиондық атақты сарапқа салады.

Айта кетейік, жарыстың бірінші күні 8 қыркүйек күні өтті. Алғашқы алтын және қола медальдарды Франция ұлттық құрамасының спортшылары жеңіп алды. Ал, «күміс» Моңғолия атлетіне бұйырды. Аталған сында қазақстандық Абзал Тұлыбеков алғашқы бестікке ілігіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Жалпы, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен келген 2800 спортшы қатысып жатыр. Жоба қолға алынғалы бері өткен он жылда алғаш рет барлық құрлықтан қатысушы келді. Олардың арасында ең шалғайда орналасқаны Австралия құрамасы екенін атап өткен жөн. Ойындар аясында ғылыми бағдарлама өткізу де көзделген. Оған 12 елден 75 маман қатысады деп жоспарланып отыр.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. )

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Таза Қазақстан»: 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушылары Астанада ағаш отырғызды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сенаторлар Президент тапсырмасын іске асыру мәселесін талқылады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.