Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы Вонг Хэн Файнды қабылдады

фото:Ақорда
Кездесуде Alatau City жобасын жүзеге асыру перспективасы талқыланды,-деп хабарлайды altyalash.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вонг Хэн Файн шетелдің инвестициясын, технологиясын және білім әлеуетін тарта отырып, Алатау қаласын тиімді дамыту жөнінде егжей-тегжейлі пікір алмасты.Президент сингапурлық Surbana Jurong компаниясымен бірлесе дайындалған Алатау қаласының Бас жоспары биыл мамыр айында қабылданғанын айтты.

Мемлекет басшысы осы тектес жобаларды жүзеге асыруда Вонг Хэн Файнның мол тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сондықтан оның бас консультант ретінде берген ұсынымдары халықаралық бизнес-хабқа айналуды көздейтін жаңа қаланы жобалау және салу ісінде нақты нәтижеге ұласатынына сенім білдірді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Экология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды

admin_altyalash

Футболдан Қазақстан құрамасы бүгін Грекияға аттанады

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС МАМАНДАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ

admin_altyalash