Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Олаф Шольцті Ақордада қарсы алды

Фото: Ақорда

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Ақордада қарсы алды.Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметә хабарлайды.

Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады.

Президент
Фото: Ақорда

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.

Президент
Фото: Ақорда

Қазіргі уақытта Мемлекет басшылары жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп жатыр. Мұнан бөлек, «Орталық Азия + Германия» форматындағы екінші кездесу де жоспарланған.

Президент
Фото: Ақорда
Президент

Ұқсас жаңалықтар

Ауылдың баласы ҰБТ-да 140 ұпай жинады

admin_altyalash

Балуандардың жолын ашып бердік – Ризабек Айтмұханның әкесі Қанат Жолдасбай.«Әке, біз соңына дейін жүреміз. Кем дегенде әлем чемпионы боламыз» деп айтқаны әлі есімде, – деді ол

admin_altyalash

Жетісу облысында 221 гектар жер мемлекет қорына қайтарылды

admin_altyalash