Паралимпиада спортшыларының жеңістері – қашанда мақсатқа ұмтылудың, табандылық пен өз күшіне сенімнің үлгісі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Мамыр 13, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Паралимпиада спортшыларының жеңістері – қашанда мақсатқа ұмтылудың, табандылық пен өз күшіне сенімнің үлгісі

16.09.2024
0
Паралимпиада спортшыларының жеңістері – қашанда мақсатқа ұмтылудың, табандылық пен өз күшіне сенімнің үлгісі

Үкімет үйі ғимаратында XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын марапаттау рәсімі өтті. Премьер-Министр Олжас Бектенов Президенттің атынан жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік наградаларды табыс етті, – деп хабарлайды altyalash.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Үкімет басшысы спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтады. Биыл Қазақстанның Паралимпиада құрамасы тоғыз медаль жеңіп алып, тарихи рекорд орнатты, атап айтқанда, 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль алды.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, паралимпиада спортшыларының жеңістері – қашанда мақсатқа ұмтылудың, табандылық пен өз күшіне сенімнің үлгісі. Ойындар қарсаңындағы кездесуімізден кейін бүкіл ел байрақты бәсекеде көрсеткен әрбір ойындарыңызды тамашалады, сіздердің жетістіктеріңіз біз үшін ерекше мақтаныш болды. Жыл өткен сайын ерекше жандардың спортқа қатысуы артып келе жатқаны бізді қуантады. Бүгінде елімізде ерекше қажеттіліктері бар 56 мыңнан астам қазақстандық дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады. Сіздердің әрқайсыларыңыздың көрсеткен үлгілеріңіз көптеген адамды біздің паралимпиадашылар қатарына қосылуға ынталы ететініне сенімдімін. Үкімет спортшыларға қолайлы жағдай жасап, қолдау көрсету жұмыстарын күшейтуде», — деп атап өтті Премьер-Министр. Спортшыларды Паралимпиадаға дайындауда маңызды рөл атқарған жаттықтырушылар мен тәлімгерлерге ерекше алғыс сөздер айтылды.

Өз кезегінде паралимпиада спортшылары жарыс кезінде қолдау көрсеткені үшін Қазақстан халқына алғыстарын білдірді.

«Мен Мемлекет басшысына және бүкіл Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді. Парижде өткен Паралимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғау мен үшін үлкен мақтаныш сезімін тудырды. Біз Паралимпиада ойындарында жүлде жеңіп алу үшін көп еңбек еттік, біздің бапкерлеріміз жеңіске жету үшін бар шеберлігін салды. Мен еліміздің алғашқы екі дүркін Паралимпиада чемпионы болғаныма, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға үлес қоса алғаныма қуаныштымын. Алдымызда жаңа жеңістерге жету жолында үлкен жұмыс күтіп тұр. Біз мұнымен тоқтап қалмай, еліміздің игілігі үшін еңбек ете береміз», — деді пара пауэрлифтингтен екі дүркін Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев.

«Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен ІІІ дәрежелі Барыс орденімен марапатталдым, өте қуаныштымын. Біз Паралимпиада ойындарында әлемнің ең мықты спортшыларымен күш сынасып, Отанымызға пара дзюдодан тарихи алтынмен оралғаныма қуаншыштымын. Мемлекет тарапынан пара спортшыларға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі біздің жетістігіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды жігерлендірді деп ойлаймын. Болашақта Қазақстан республикасының атын шығаруға болашақ чемпиондар біздің жолымызды жалғастыратынына сенемін», — деді пара дзюдодан алтын медаль иегері Ақмарал Науатбек.

ҚР Президентінің Жарлығымен I дәрежелі «Барыс» орденімен пара пауэрлифтингтен еліміздегі алғашқы екі дүркін Чемпион Дэвид Дегтярев, III дәрежелі «Барыс» орденімен Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы және пара дзюдодан алғашқы алтын иегері Ақмарал Науатбек марапатталды. Күміс медаль жеңіп алған мерген Еркін Ғаббасов, жүзуші Нұрдәулет Жұмағали және дзюдошы Шамей Ерғали «Парасат» орденінің иегерлері атанды.  «Құрмет» орденімен қола жүлдегерлер – Дастан Мұқашбеков, Зарина Райфова, Даяна Федосова және Жұрқамырза Шүкірбеков марапатталды.

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушылары мен спортшылардың жеке бапкерлері де жоғары марапаттарға ие болды. 5 тәлімгер «Парасат» орденімен, 7 – «Құрмет» орденімен, 2 жаттықтырушы ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды: Юрий Колесников, Д. Дегтяревтің жеке жаттықтырушысы; Айдын Әнәпин, А. Науатбектің жеке жаттықтырушысы; Дәурен Оразов, Е. Шамейдің жеке жаттықтырушысы; Саттар Бейсембаев, Н. Жұмағалидың жеке жаттықтырушысы; Мүслім Сәрсембеков Е. Ғаббасовтың жеке жаттықтырушысы; Сергей Безгачев Д. Мұқашбековтің жеке жаттықтырушысы; Қанат Сағындық Д. Федосованың жеке жаттықтырушысы;  Абылай Шунаев, пара оқ атудан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері; Михаил Бурчалин, пара оқ атудан аға жаттықтырушы; Артур Томицкий, парапауэрлифтингтен ҚР Ұлттық құрама командасының бас бапкері; Жайдар Сайлаубаев, пара дзюдодан жаттықтырушы; Жандос Қиянов, пара дзюдодан ҚР Ұлттық құрама командасының бас бапкері; Айдар Картпаев, пара жүзуден ҚР Ұлттық құрама командасының бас бапкері; Тахир Мамашаев, пара жеңіл атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының бас бапкері.

Анықтама: Бүгінгі таңда Қазақстанда 19 паралимпиадалық спорт түрі дамуда, оның ішінде бочча, голбол, отырып ойнайтын волейбол, 5х5 футбол, үстел теннисі, парадзюдо және т. б. Паралимпиада түрлері бойынша еліміздің ұлттық құрамасының құрамында барлығы 925 адам бар.

2024 жылғы Паралимпиадаға Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен өнер көрсеткен 44 спортшымен  қатысты.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Taza Astana: Астанада жыл басынан бері 215 заңсыз полигон жойылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Республикалық акция аясында Қазақстанда 300-ден астам іс-шара өткізілді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.