Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Қызылордада полиция департаментінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері қаралды

Ағымдағы жылғы 19 мамыр күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е. Мендалиев Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрам қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтау және туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында құқық қорғау органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін алғышарттарды азайту, сондай-ақ ашықтықты арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізу мәселелері талқыланып, процестерді автоматтандыру, рәсімдердің ашықтығы мен есептілігін күшейту, мемлекеттік қызметтер көрсету және процестік қызмет барысында адами фактордың ықпалын азайту мәселелері айқындалды.
Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ж. Қозбағарова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына енгізілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін заңнама аясында көзделген жауапкершілік пен оның салдары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара соңында үздік тәжірибелерді талдау, цифрлық мониторинг құралдарын талқылау және инновациялық технологияларды тиімді қолдану бойынша ұсыныстар тыңдалып, кері байланыс орнатылды.

Ұқсас жаңалықтар

Елді мекендерді газдандыру бойынша жұмыстар жалғасуда

admin_altyalash

«Кітапхана түні» акциясына 15 мыңға жуық оқырман қатысты

admin_altyalash

Малайзиялық турист қазақстандық полицейге алғыс білдірді: желіде алғысқа толы әсерлі видео пайда болды

admin_altyalash