Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы 100% аяқталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы 100% аяқталды

16.09.2024
0
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы 100% аяқталды

15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғынды жаңа және жөндеуден өткен тұрғын үйлерге көшіру жұмыстарын аяқтады.Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі мәлім етті.

Солтүстік Қазақстанда барлығы 1394 үй сатып алынып, 1899 үй күрделі жөндеуден өтті. Петропавлда 700 үй салынып, жаңа «Бірлік» шағын ауданын құрады. Бүгінде мұнда тағы 173 үйдің құрылысы аяқталды. Баспана кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсіміне Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысты.

«Тұрғындарға төзімділік танытқаны үшін және аймақты қалпына келтіруге атсалысқан барлық бизнес өкілдеріне, атап айтсақ, “Қазақстан халқына” қорының  басқарма төрағасы Болат Бидахметұлы Жәмішев, “Kazakhmys” корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Викторович Огай, “Kaspi” компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Константинович Ким, “KAZ Minerals Management” директорлар кеңесінің төрағасы Олег Николаевич Новачукке алғыс айтқым келеді. Сіздерсіз біз мұндай ауқымды құрылысты 3,5 айда бітіре алмас едік», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Бүгінде жаңа «Бірлік» шағын ауданында «Kaspi» компаниясы балабақша құрылысына демеушілік етуде, 600 орындық мектеп салу жоспарланып отыр. Жақында ықшам ауданға асфальт жол төселіп, автобус қатынайтын болады.

«Бүгін мен көптен күткен үйдің кілтін алғаныма өте қуаныштымын. Бәріміз үшін бұл табиғи апат өте қиын тиді. Алайда, біз төзімділік таныттық. Осы орайда, елімізге, Мемлекет басшысына, әкімдікке және құрылысшыларға, күндіз-түні дамылсыз жұмыс істеп, үйлерімізді тез арада тұрғызуға атсалысқан барша азаматқа алғыс айтамын. Мен Ойқалада тұрдым, енді жаңа үйде өмірді тың серпінмен жалғастырамыз, бұйырса мал мен бақшам болады», — деді Алима Жаманкөзова.

«Мен күллі Қазақстан халқына көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін шексіз алғысымды білдіремін. Бұған дейін Заречный кентінде үлкен отбасыммен 70 шаршы метрлік үйде тұрғанбыз. Енді жаңа ауданда кең әрі жарық үйіміз бар. Бүгін бәріміз өте қуаныштымыз», — дейді «Бірлік» шағын ауданының тұрғыны Дәурен Хамзин.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен бірге су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындары жаңа және жөндеуден өткен үйлеріне толығымен қоныстанды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ОТАНЫМЫЗДЫҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірнеше қызметкері лауазымынан босатылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.