Елордалық мектепте «Ұлттық құндылықтар» алаңы ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Қазан 24, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Елордалық мектепте «Ұлттық құндылықтар» алаңы ашылды

17.09.2024
0
Елордалық мектепте «Ұлттық құндылықтар» алаңы ашылды

Астана қаласындағы С.Мәуленов атындағы N37 мектепте «Ұлттық құндылықтар» алаңы ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ашылып жатқан бұл алаңда ұлттық мұралардың шағын мұражайы орналасқан. Атап айтсақ, ұлттық киімдер, ойындар, бұйымдар, ыдыстар көрмесі қойылған. Сондай-ақ, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекі өкілдерінің өмірбаяны жазылған тақтайша ілінген.

Іс-шараның ашылу салтанатына журналист Айша Тұрмағанбетова қатысып, жаңа алаңның лентасын қиды. Осындай қуанышты сәтке куә болған ол өзінің жүрекжарды пікірін білдірді.

«Мектепте ең бастысы – білім мен тәрбие, ұстаздардың біліктілігі мен қолдауы, жас ұрпаққа рухани адамгершілік тұрғыда тәрбие беру. Осы тұрғыда ұлттық рухпен сусындауына қосып жатқан үлесіңіз құтты болсын!» – деді Айша Тұрмағанбетова.

Мектепке ұлттық киімде келген оқушылар ұлттық құндылықтарға арналған алаңда күй тартып, тоғызқұмалақ ойынын ойнап, дәстүрлі ән айтты. Мектеп директоры Гүлжан Дәрібайқызы қонақтарды жаңа аймақпен таныстырып, шағын лекция оқыды.

«Білім беру процесінде әр ұрпақты өзінде бар құндылықпен тәрбиелеу керек. Сондықтан қазақты тек өзінде бар құндылықпен ғана тәрбиелей аламыз. Ұлттық құндылықтар аймағы да осы негізде ашылып отыр. Мұнда алдымен ұлттық ойындар ойналып, ұлттық рухпен сусындайды. Қазіргі заман балаларын айтып емес, осылай мектеп қабырғасында көрсетіп, бойына сіңіріп өсіре аламыз. Шетелге шықса да, қайда жүрсе де ұрпағымыз өз құндылығын танып, жадында сақтап жүреді. Бұл көптен ойда жоспар бүгін орындалып жатыр», – деді мектеп директоры.

Ал бұдан соң балалар көрнекті тұлғалар туралы қысқаша ақпарат айтып өтті.

Сондай-ақ, Сырбай Мәуленовтің кабинетімен таныстырып, танымал өлеңдерінен үзінді оқып берді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

“SKYHANSA” Қазақстан-Германия консорциумы жаңа жүк-жолаушылар әуежайын салуға ниетті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры 36-шы өнер маусымын ашты.

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.