Тәуелсіз сарапшылар институтын толық көлемде енгізу көзделген – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Тәуелсіз сарапшылар институтын толық көлемде енгізу көзделген

23.09.2024
0
Тәуелсіз сарапшылар институтын толық көлемде енгізу көзделген

Қазақстанда медициналық ұйымдар медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі – МӘС) жіберетін азаматтарды сырттай проактивті форматта куәландыруға тәуелсіз сарапшыларды тарту бойынша пилоттық жоба басталды. ҚР Әлеуметтік кодексінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап тәуелсіз сарапшылар институтын толық көлемде енгізу көзделген.

Биыл сәуір айында азаматтарды куәландыру процесіне тәуелсіз сарапшыларды енгізу тетігін сынақтан өткізу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері бірлескен бұйрық қабылдады. Ол үміткерлердің тестілеуден өту және талап етілетін құжаттар топтамасын ұсыну тәртібін реттейді. Негізгі талаптардың бірі жоғары медициналық білім, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының болуы, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мәселелері бойынша соңғы 5 жылда оқудан өткенін растайтын құжат болуы. Осылайша, тәуелсіз сарапшыларды іріктеу біліктілік деңгейі мен жұмыс өтілі ескеріле отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылатын болады.

МӘС-ке тәуелсіз сарапшыларды тарту бойынша пилоттық жобаны іске қосу шеңберінде конкурсқа 50-ге жуық адам қатысты. Іріктеудің барлық кезеңдерінен 18 сарапшы дәрігер өтіп, жұмысқа кірісті.

Сараптама мынадай түрде жүргізіледі: медициналық құжаттар мемлекеттік органдар мен Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен алынған деректер негізінде сарапшыға автоматты түрде электрондық және иесіздендірілген түрде түседі.

Істерді бөлу эксаумақты тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл Алматыда тұратын сарапшыға Алматыдан басқа еліміздің өзге өңірлерінен құжаттар келіп түсетінін білдіреді.

Тәуелсіз сарапшылар институтын енгізу азаматтардың сарапшылармен және тиісінше сыбайлас жемқорлық құрамдас бөліктерімен тікелей байланысын болдырмауға бағытталған.

Медициналық-әлеуметтік сараптама рәсімдерін жүргізгеннен кейін, мүгедектік тобы анықталған кезде, тиісті әлеуметтік төлемдер мен арнаулы әлеуметтік қызметтерді одан әрі тағайындау өтініш берушінің қатысуынсыз проактивті түрде жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, МӘС өткізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жоба 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның барлық аумағында сынақтан сәтті өтуде. Бүгінгі күні сырттай проактивті форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі. Жыл басынан бастап республиканың барлық өңірлерінде 60,4 мыңнан астам өтінім қаралды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жобаның негізгі мақсаты-бәсекеге қабілетті мақта сорттарын жасау.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Республикалық «SportArtFest» байқауының жеңімпаздары анықталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.