Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарМәдениет

Республикалық «SportArtFest» байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматы облысында республикалық «SportArtFest» байқауының финалы өтті. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ules» жобасы аясында ұйымдастырылды.Бұл туралы altyalash.kz хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқаудың мақсаты – жастарды зияткерлік және шығармашылық тұрғыда дамыту, сонымен қатар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Республикалық байқаудың іріктеу кезеңіне еліміздегі 500-ден астам елді мекеннен 10 мыңға жуық жас қатысты. Үздік 20 команда финалға жолдама алды. Қатысушылар үш күн бойы зияткерлік және шығармашылық жарыстарда бақ сынасты.

Байқау қорытындысы бойынша Жетісу облысының «Tau stars» командасы бірінші орын, Жамбыл облысының «Шу жастары»командасы екінші орын алса, үшінші орынды Атырау облысының «Firdaus» командасы иеленді. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың жүлде қоры – 1 600 000 теңге.

 

Ұқсас жаңалықтар

СҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

admin_altyalash

Түркістан облысында 27 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды

admin_altyalash

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған «Бүркітші» атты жаңа мурал пайда болды

admin_altyalash