«Таза Қазақстан»: елордалық оқушылар құстарға ұя орнатты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: елордалық оқушылар құстарға ұя орнатты

23.09.2024
0
«Таза Қазақстан»: елордалық оқушылар құстарға ұя орнатты

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында елордадағы «Жетісу» саябағында Canadian International School Astana мектебінде оқушылар мен ата-аналар және мұғалімдердің қатысуымен қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Алалған мектепте JUNO эко-арт клубы белсенді түрде жұмыс істейді. Клуб мүшелері саябақтағы құстарға жем салатын үйшіктер мен астауларды орналастырды. Белсенділер жыл сайын табиғатты қорғауға бағытталған арнайы жобаларын жүзеге асырып, елордадағы табиғатты қорғауға ниетті.

«Оқушыларымыздың бастамасымен жүзеге асып жатқан құсқа жем салатын үйшіктерді орналастыру идеясы экологияны сақтауға бағытталған. Мақсатымыз – табиғатты, жануарлар мен құстарды қорғауда белсенділік танытып, бүкіл әлемдегі және Қазақстандағы проблемаларға үн қосу. Мектеп басшылығы студенттердің идеясын бірден қолдады. Себебі мектебімізде білім алатын балалардың академиялық білімін ғана арттырмай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, қоғамдағы азаматтық белсенділігін арттырғымыз келеді», – деді мектеп директоры Дмитрий Зеброфф.

Ал 11-сынып оқушысы Саида Кокушева жем салғыштарды қалай жасағанын айтты.

«Құстарға суық мезгілде жемді оңай табуға көмектесу үшін біз ұялар мен жем салғыштар жасап, орнатуды ойластырдық. Интернеттен жем салғыштарды жасау жөніндегі қызықты материалды тауып, соған қарап, өз қолымызбен жасап шықтық. JUNO эко-арт клубымызда біз әртүрлі экожобалармен айналысамыз, себебі қоршаған ортаны сақтау, экология мәселелері және экологиялық білім беру – бұл адамдардың назарын аударып, айтылуы қажет маңызды тақырыптар деп санаймыз», – деді Саида Кокушева.

Бұдан кейін іс-шараға қатысушылар жүгіру марафонына қатысты.

Естеріңізге салсақ, «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында елордада Taza Astana жаңа әлеуметтік жобасы іске асырылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, орамішілік және аула аумақтарының кірме топтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жасауға бағытталған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстанда Әзербайжан Республикасының мәдениет күндері өтеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жазушының зағип жандарға арналған кітабының тұсаукесері өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.