Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовости

Ақтауда халықтық штаб Қ. Сыдиықов атындағы кітапхана қызметкерлерімен кездесті

Халықтық штаб мүшелері Қабиболла Сыдиықұлы атындағы кітапхананың қызметкерлерімен кездесіп, АЭС құрылысының елімізге қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, 6 қазанда өтетін референдумға қатысып, саналы түрде таңдау жасауға шақырды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

— Маңғыстау ел экономикасына ауқымды үлес қосып отырған өңір. Қара алтынды алудың өзі өте көп энергияны қажет етеді. Сонымен қатар, азық-түлік, энергетика, ауыз судың қауіпсіздігі және басқа да мәселелер жетерлік. Ал АЭС құрылысы салынса жағдай өзгереді. Өйткені атом электр станциясы өзінің қолтаңбасын барлық салада қалдырады. Сондықтан, әрбір азамат жауапкершілікпен референдумға қатысу керек, — деді халықтық штаб мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Абзал Ғабитұлы.

Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері белсенділік танытып, пікір алмасып, бірнеше сұрақтар қойды. Оған халықтық штаб мүшелері толыққанды жауап берді.

Ұқсас жаңалықтар

Какие улицы перекроют в Алматы на Наурыз

admin_altyalash

Коллектив ТОО «Родина» выражает поддержку проведению республиканского референдума

admin_altyalash

Мужчина водворен в следственный изолятор

admin_altyalash