Аймақ басшысы мәдениет қызметкерлеріне алғыс айтты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Аймақ басшысы мәдениет қызметкерлеріне алғыс айтты

25.09.2024
0
Аймақ басшысы мәдениет қызметкерлеріне алғыс айтты

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжілісте Алматы қаласындағы Қызылорда облысының өнер күндерін жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан өнерпаздарға, мәдениет саласының қызметкерлеріне алғыс білдірді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, яғни, руханиятымызға баса мән бергеніміз жөн», – деген болатын.
Мәдениеттің мәртебесін көтеріп, өнерін құрметтеген ұлттың өресі биіктей бермек. Өткен жылы елордада Астана қаласының 25 жылдығына орай Қызылорда облысының өнер күндері жоғары деңгейде өткізілді. Халықтың ыстық ықыласы мен қошеметіне ие болған дәл осындай өнер күндері Алматы қаласында да ұйымдастырылды. Ән-жырдың туын желбіреткен сырбойылық өнер майталмандары таланты мен талғамын, кәсіби деңгейінің биіктігін, еліміздің басты сахналарының біріндегі концертке тыңғылықты дайындықпен барғанын дәлелдеді. Мың жылдық тарихы бар, мың бояулы мәдени астанамыз Алматыдағы мерекені өткізуге атсалысқан барша ұйымдастырушыларға, өнерпаздарға, театр әртістеріне, мәдениет саласы қызметкерлеріне, мекеме басшыларына және қала, аудан әкімдіктеріне Сыр жұртшылығының және өз атымнан зор ризашылығымды білдіремін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Іс-шарада өнер күндерін шебер ұйымдастырып, әсерлі әрі көңілді етіп өткізген қызметкерлерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Айта кетейік, «Сұлу Сырдан – ару Алматыға» атты Республика сарайында өткен гала-концертке мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстанның Еңбек Ерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері, елімізге белгілі ақындар мен жазушылар, Алматы қаласы, Алматы облысы әкімдігінің өкілдері арнайы қатысты.
Айтулы іс-шара аясында «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Сыр өңірінің тарихын баяндайтын археологиялық және этнографиялық экспонаттар – «Шірік-Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы», «Түгіскен көсемі», «Жетіасар ақсүйек әйелі» реконструкциялары және Қорқыт ата, Марал ишан мұралары, зергерлік бұйымдар коллекциялары қойылды. С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы қорындағы майлы боумен салынған өлкенің табиғаты, тарихи және жаңадан бой көтерген ғимараттары бейнеленген картиналар келушілер назарына ұсынылды.
Алматылық көрермен Сыр өнерпаздарына ыстық ықыласы мен қошеметін көрсетті.
Алатау баурайындағы ару қаладағы өнер күндері Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің «Жыр – қазына, күй – күмбез» атты концертімен қорытындыланды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Барлық ата-ана мен педагогикалық қауымдастық мені толықтай қолдайды деп білемін

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

CITIC Construction Алматы облысында астықты терең өңдейтін зауыт салады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.