Астанада Атом саласы қызметкерлері күніне арналған фотокөрме ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада Атом саласы қызметкерлері күніне арналған фотокөрме ашылды

27.09.2024
0
Астанада Атом саласы қызметкерлері күніне арналған фотокөрме ашылды

2024 жылғы 27 қыркүйегінде Астанада, Атырау көпірінде Қазақстанның атом саласы қызметкері күніне орай ұйымдастырылған фотокөрме жұмысын бастады. Көрмені Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Фотокөрмеде көпшілік назарына еліміздің атом өнеркәсібіндегі негізгі кәсіпорындардағы мамандардың күнделікті жұмысы туралы сыр шертетін бірегей кадрлар ұсынылған. Экспозицияда  «Ұлттық ядролық орталық» РМК, Ядролық физика институты РМК, «МАЭК» ЖШС және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жұмыскерлерінің, сондай-ақ ядролық қондырғылар мен саладағы бірегей тарихи сәттердің фотосуреттері қойылған. Қазіргі уақытта Қазақстанның атом өнеркәсібінде 17 мыңнан астам адам жұмыс істейді, көрмеде олардың еңбектері мен саланың дамуына қосқан үлесіне тиісті құрмет көрсетіледі.

– Атом саласы қызметкерлерінің күні  осы салада еңбек ететін адамдардың басты кәсіби мерекесі болып табылады. Бұл көрме жұмысымыздың нәтижесін көрсетіп, еліміздің игілігі үшін күн сайын еңбек етіп жүрген жандарға құрмет көрсетуге деген мүмкіндік. Біз атом өнеркәсібінің дамуына үлес қоса алатынымызды мақтан тұтамыз және жыл өткен сайын саламыздың нығая түсетініне сенімдіміз», – деді ҚР ЭМ Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Ғұмар Серғазин.

Фотокөрме атом саласы қызметкерлеріне ізгілік көрсетуге арналған. Көрме барлығына ашық және 29 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі еліміздің атом өнеркәсібінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері үшін барлық қызметкерлерге алғысын білдіреді және азаматтарды осы сала қызметкерлерінің жұмысымен жақынырақ танысу үшін көрмені тамашалауға шақырады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы қарқынды жалғасып жатыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Елордада тұңғыш халықаралық «Qazproperty» конгресі өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.