Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы қарқынды жалғасып жатыр

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр. Бұл жолы оған Ақмола облысы Аршалы ауданының тұрғындары қосылды. Аталмыш іс-шара қыркүйектің соңғы жексенбісінде белгіленген Еңбек күніне орайластырылды.

Акцияға жастар ұйымдары, азаматтық сектор өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, еріктілер, «Жасыл Ел» жасағы және жергілікті коммуналдық қызметтер – барлығы 250 адам қатысты.

Барлығы жұмылып 16 м3 қоқыс жинап шығарды.

«Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты аялап, қоршаған ортаға таза ұстауды насихаттау.

Жоба басталғалы Ақмола облысында 500-ден астам экологиялық іс-шара өтті, оған 600 мыңға жуық адам қатысты.

 

Ұқсас жаңалықтар

Мәсімов терроризмді қаржыландырушылар тізіміне енгізілді

admin_altyalash

Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты

admin_altyalash

ЕЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚПЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСЕ АЛАДЫ?

admin_altyalash