фото:ашықдереккөз
Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі. Бүгінде өңірде 5,3 млрд теңгеге тауарлы-сүт фермасы салынуда. Алдымен фермаға арнайы 800 сауын сиыр сатып алынбақ. Бұл ең алғашқы орыдалатын жоспардың бірі. «Айс» және «Рад-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері Мәртөк ауданында орналасқан. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бүгінде елде ауыл шаруашылығы өнімдерін көбейтуге мән беріліп жатыр. Әсіресе өнім өндіретін кәсіпорындарға мемлекет тарапынан мол мүкіндік беріліп отыр. Сонымен бірге сүт өнімдерін өндіру негізгі шарттардың бірі. Себебі аймақтағы халық саны жыл өткен сайын көьейіп, сұраныс артып жақаны мәлім.
Дәл осы жобаларды жүзеге асыру арқылы халықты сапалы әрі қолжетімді сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беред. Сонымен қатар шаруа қожалықтарының іске қосылуы ауыл экономикасының жақсаруына әсер ететіні сөзсіз. Кәсіпорындары ашылған соң аймақта жаңа жұмыс орындары пайда болып, жергілікті халық жұмыспен қамтылады. Әрі тауар өндірушілердің кірісі артады», – деді облыс әкімі Асхат Шахаров.
Облыс әкімі тағы біңр шаруашылыққа бас сұғып, жағдайымен де танысқан. Шаруашылықта мың сауын сиыр бар. Мұнда жылына 12 664 дана өндіріледі екен. Сүт фермасын алдағы уақытта кеңейту жоспарланып отыр. Жоба құны 5,3 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты екі есеге жуық артады және жылына 22,6 мың тонна сүтті құрайды.
«Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы жағдайында тұрақты азық-түлік қорын құру айтарлықтай күш-жігерді қажет етті. Мал азықтық дақылдарды өсіру үшін суару енгізіліп, компост пен көңді қосу арқылы топырақтың сапасы жақсарды. Шаруашылық қазіргі таңда 2300 гектар жерді суарса, оның тең жартысын жүгері, қалған бөлігін жоңышқа, итальяндық қара шөп және басқа да дақылдар алып жатыр» – сарапшы Қуандық Қоңыров.
Шаруа қожалығында егістік технологиясын қолданып, агрохимиялық препараттарды қолдануды барынша азайтып, табиғи тепе-теңдікті сақтап, мол өнім алуға ықпал етеді. Өңірде шуақты күндердің көп болуы жүгері өсіруге қолайлы жағдайға айналды.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz