Фото: ашықдереккөз
Еліміздің оңтүстігінде халық саны жылдан жылға артып келеді. Жергілікті әкімдіктің мәлімдеуінше, Түркістан облысында 2022-2024 жылдар аралығында бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 442 мың шаршы метрді құрайтын 120 тұрғын үй (6770 пәтер) пайдалануға берілген. Яғни, жоғарыда аталғандар – несиеге берілген үйлер.
Жыл соңына дейін 256 пәтерлі 5 тұрғын үй тұрғындардың қолданысына берілмек. Оның жалпы ауданы 14,7 мың шаршу метрді құрайды. Былтыр аймақта баспанамен қамту бағытында нәтижелі істер атқарылды.
«Биыл мемлекеттік қазынадан 49,7 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 6,6 млрд теңге, облыстық бюджеттен 8,6 млрд теңге және «Самұрық-Қазына» қорынан 29,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатты жалпы ауданы 2590 пәтер салуға жұмсалды. Бүгінде өңірде 170,8 мың шаршы метр, жалпы ауданы 65,1 мың шаршы метр 953 пәтер сатып алынып, 221 түрлі қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр», – деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі
Сарапшылар да аймақтағы сұраныстың жоғары екенін айтады. Әсіресе мемлекеттік бағдарламамен баспана аламын дейтін жастардың қатары көбейіп келеді.
«Біз өңірде жоғары белсенділікті байқаймыз. Әсіресе, тұрғын үйлерді салып, пайдалануға беруде оңтүстік өңірлер алда келе жатыр. Нарықты тағы бір серпілту үшін қайталама нарықты қаржыландыру бағдарламалары көптеп қажет екенін атйқымыз келеді. Тағы бір маңызды мәселе: Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында ғана емес, Қазақстанның барлық аймақтарында құрылысты дамыту қажет. Бұл не үшін қажет? Осылайша, көші-қон мәселесінде қиындықтар туындамайды. Баспана тапшылығын жұрт сезінбесі үшін тиімді тұрғын үй бағдарламаларына көңіл бөлінуі тиіс. Бүгінде адамдар жұмыс тауып, арзан жылжымайтын мүлік сатып алу үшін Астана, Алматыға барады. Бірақ адамдар аймақтарда қалып, сонда оқып, мемлекеттік қызметте немесе жеке секторда жұмыс істеп, Қазақстан экономикасына пайда әкеле алады» – тұрғын үй саласының маманы Ержан Сыдықов.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz