Абай атындағы театр классика әлемінің 126 ардагерін марапаттады   – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Шілде 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Абай атындағы театр классика әлемінің 126 ардагерін марапаттады  

30.09.2024
0
Абай атындағы театр классика әлемінің 126 ардагерін марапаттады   

Асқақ өнердің атасы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры өзінің 90-шы маусымын тарих бетіне өрнектеді. Мерейлі жылдар бойы өмірін киелі сахнаға, шығармашылыққа, театрға қызмет етуге арнаған 126 адал жанға мәдени ошақ арнайы төсбелгі мен сыйлық табыстады.

Қос мерейтойы – қара шаңырақтың 90 жылдығы мен Ахмет Жұбанов-Латиф Хамидидің «Абай» опералық спектаклінің 80 жылдығы тұспа-тұс келген маусым, естен кетпес мереке сыйлады. Жақсының жақсылығы аталып, қуаныштан көңіл тасыған маусымашарда театр ұжымы ақсақалдарына қызыл кілем төсеп, қошеметпен қарсы алды. Марапатталған ардагерлер он жылдан астам уақыт бойы қара шаңырақта үздіксіз еңбек еткен мамандар. Олардың қатарында тек сахна әртістері ғана емес, костюм цехы, грим маманы, жарық қоюшы сияқты театрдың барлық бөлімінің бұрынғы қызметкерлері бар.
Құрметті қонақтар қатарынан ұлтымыздың маңдайына біткен жарық жұлдыздары КСРО Халық әртісі және Мемлекеттік сыйлық иегері Бибігүл Төлегенова, Қазақ КСР Халық әртісі және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Раушан Байсейітова, Қазақстан және Татарстан Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева және басқа опера мен балет майталмандары, Қазақстандағы дипломатиялық елшіліктердің қадірлі өкілдері табылды.

– Абай атындағы театр «Ғасыр алдындағы жаңа белеске» аяқ басты. Әне-міне дегенше, алдағы 10 жылда қара шаңырағымыз жүз жасайды. Осымен 90 жылға нүкте қойылатын тарихи күнде ардагерлердің басын қосып, еңбегіне рақмет айтып лайықты құрмет көрсету, бүгінгі өскелең ұрпақтың, өнер ұжымының бірден-бір парызы деп есептеймін. Неге десеңіз, адам еңбегі бірінші кезекте ұйым тарапынан, одан ары қарай қоғам, мемлекет тарапынан бағаланып тұрғаны маңызды. Бұл әсіресе өнер адамына шабыттану үшін аса қажет, сондықтан Абай атындағы театрда жаңа үрдіс – өз қызметкерлерінің еңбегін жылда атап өтетін әдемі дәстүр жол тартты, – деді Абай атындағы ҚазҰОБТ директоры Айнұр Көпбасарова.

Театр ардагерлерін марапаттау салтанатында асылдың тұяғы Раушан Хатиятқызы анасының аса бағалы портреті мен кезінде Күләш Байсейітованың спектакльдерде киген бірнеше бас киімін өнер ордасының мұражайына сыйлады. Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Николай Цивчинский салған сурет бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған және оның ерекше тарихы бар.

Маусымашарда қонақтарға шағын музыкалық тарту жасалып, мерекелі кеш Ахмет Жұбанов-Латиф Хамидидің «Абай» операсын тамашалаумен тәмамдалды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры осылайша өзінің «Ғасыр алдындағы жаңа белесін» – 91-ші маусымын бастап кетті. Дәстүрге сай жаңа маусымның екінші күнінде П. Чайковскийдің «Аққу көлі» балеттік спектаклі көрерменіне жол тартты.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алғашқы мұғалімдер семинариясы: М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге 120 жыл

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БИЕ СҮТІНЕН КОСМЕТИКА ӨНДІРІЛЕДІ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.