Алғашқы мұғалімдер семинариясы: М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге 120 жыл – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Маусым 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Алғашқы мұғалімдер семинариясы: М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге 120 жыл

30.09.2024
0
Алғашқы мұғалімдер семинариясы: М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге 120 жыл

фото:Оқу-ағарту министрлігі

Осыдан тура 120 жыл бұрын Семей қаласында мұғалімдер даярлайтын алғашқы оқу орындарының бірі ашылды. Бүгінгі таңда бұл педагогикалық колледж ұлттың ұлы тұлғасы Мұхтар Әуезов есімімен аталады. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев колледж ұжымын айтулы тарихи датамен құттықтады.

 «Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж – еліміздің білім беру жүйесінде ерекше орын алған, өзіндік дәстүрі, мамандар даярлауда озық тәжірибесі мен бірізді жүйесі бар іргелі оқу орны. Бұл оқу орнының тарихы халқымыздың білімге деген ұмтылысы мен ұлттық сананы қалыптастырудағы маңызы зор кезеңдерді айқындайды. Көптеген ұлт зиялыларының қайраткерлік, жазушылық, ғалымдық қадамдары осы білім ордасында бастау алды. Ұлттық рухты көтеріп, еліміздің дамуына орасан үлес қосты. Алаш зиялыларының арманы мен идеялары осы ордада дүниеге келді, бекіді», – делінген министрдің құттықтау хатында.

М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің 120 жылдығына арналған іс-шараға оқу-ағарту бірінші вице-министрі, депутаттар, ғалымдар, ақын-жазушылар, білім беру саласының өкілдері мен колледж түлектері қатысты. Наталья Жұмаділдаева педагогтерге олардың қазақстандық білім жүйесіне және өскелең ұрпақты тәрибелеуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ 20-дан астам педагогті министрдің атынан ведомстволық наградалармен, оның ішінде «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Оқу орны алғаш рет 1903 жылы мұғалімдер семинариясы ретінде құрылды. Оның тарихы осы оқу орнының түлектері Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Аймауытов, Әбдіжәміл Нұрпейісов сынды белгілі қоғам қайраткерлерінің есімімен тығыз байланысты. Колледжде тұлғаларды тануға арналған 35 атаулы кабинет ашылған, сондай-ақ Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен шығармашылығынан сыр шертетін мұражай жұмыс жасайды.

Бүгінде колледж 12 мамандық, 16 құзыреттілік бойынша маман даярлайды. Мұнда 1300-ден астам студент білім алады, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін студенттер үшін инклюзиялық білім беру жағдайы жасалған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыда Халықаралық археологиялық симпозиум өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Абай атындағы театр классика әлемінің 126 ардагерін марапаттады  

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.