ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров: АЭС жұмысын МАГАТЭ ұйымы қатаң бақылайды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров: АЭС жұмысын МАГАТЭ ұйымы қатаң бақылайды

02.10.2024
0
Болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтау арасындағы тепе-теңдікті табуымыз керек

фото:ашықдереккөз

Маңғыстау арнасы «Батыл шешімдер уақыты» бағдарламасына АЭС құрылысы жайындағы халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға тұщымды жауап беру үшін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров пен «МАЭК» БН-350 реакторлық қондырғысының радиациялық қауіпсіздік бөлімінің инженері Азамат Құлбеков шақырылды. Бағдарламада Сенатор АЭС жұмысы мен құрылысын МАГАТЭ ұйымы қатаң бақылайтынын айтты.

МАГАТЭ – Атом қуаты халықаралық агенттігі ядролық қаруды таратпау тәртібін қолдау, атом қуатын бейбіт мақсатқа қауіпсіз пайдалану жолындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен кеңейту мәселелерімен айналысатын үкіметаралық тәуелсіз ұйым. Қазақстан елі 1994 жылы агенттікке мүше болып кірді. Халықаралық агенттік атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану барысын жіті қадағалайды.

– Ең алдымен 6 қазан күні өтетін референдум нәтижесінде АЭС құрылысына қатысты түпкілікті шешім қабылданады. Егер атом электр станциясының құрылысы мақұлданса, құрылыс барысы, пайдалану МАГАТЭ-нің бақылауында болады. Қазіргі таңда ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілері ретінде CNNC (Қытай, HPR1000 реакторы), «Росатом» мемлекеттік корпорациясы (Ресей Федерациясы, ВВЭР-1200 реакторлары) қарастырылуда, KHNP (Оңтүстік Корея, APR1400 реакторы) және EDF» ( Франция, EPR1200 реакторы). Бұл реакторларда екі тізбекті қысымды су жүйесі бар және апаттардың ықтималдығын барынша азайта отырып, сенімділік пен қауіпсіздіктің жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді,-дейді Бекбол Орынбасаров.

Сонымен қатар бағдарлама барысында «МАЭК» БН-350 реакторлық қондырғысының радиациялық қауіпсіздік бөлімінің инженері Азамат Құлбеков атом электр станциясындағы қауіпсіздік жайында айтып өтті.

– Қазіргі заманда 3 және 3 + буын атом электр станциялары белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Пассивті қауіпсіздік жүйелері адамның араласуын қажет етпейді. Реактор ядросының еруін болдырмайды. Яғни қондырғының қызметі барысында адам факторына тәуелділік азаяды. Жаңа атом электр станциялары реактордың негізгі параметрлерін нақты уақыт режимінде бақылайтын және ауытқуларға автоматты түрде жауап беретін күрделі бақылау және диагностикалық жүйелермен жабдықталған,-дейді Азамат Құлбеков.

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бас прокурор Берік Асылов елімізде жол апаты көбейгенін айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Air Astana» жалғыз ұшатын балалар үшін жаңа ереже енгізді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.