Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЗаң мен тәртіпОбщество

Құмар ойындарға қатысуға тыйым салудың алғашқы шаралары қолданылды


Елорда прокуратурасы алимент төлеуден жалтарған
борышкерлердің құмар ойындарына қатысуын анықтап, олардың
қатысуына шектеуге бағытталған жаңа тәсілді енгізді.Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.
Талдау нәтижесінде 150 борышкердің өз балаларына 350 млн
теңге қарыз бола отырып, құмар ойындарға қатысқаны анықталды.
Ағымдағы жылы алимент қарызы 2,5 млн теңгені құраған
борышкерлердің бірі букмекерлік кеңсе арқылы 80 млн теңге жеке
айналыммен құмар ойындарға қатысқан.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жеке сот
орындаушылары 150 борышкерге құмар ойындарға қатысуға тыйым
салды.
Бұл шектеудің жаңа түрі борышкерлердің ақшаны орынсыз
жұмсауын болдырмайды.
2024 жылғы 9 қыркүйекте күшіне енген Қазақстан
Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңына сәйкес, елорда
прокуратурасы ойын бизнесінің ұйымдастырушыларына
борышкерлерді құмар ойындарға қатыстырмауға шақырады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы кодексінің 444-бабына сәйкес, аталған заңнамалық талаптарды
сақтамаған жағдайда айыппұл салу, ал қайталанған бұзушылықтар
үшін — лицензияның күшін тоқтату түрінде жаза қарастырылғанын еске
саламыз.

Ұқсас жаңалықтар

ALLUR НАПРАВИЛА 100 МЛН ТЕНГЕ В ЭНДАУМЕНТ-ФОНД ОБЩЕСТВА «ҚАЗАҚ ТІЛІ»

admin_altyalash

Сенатор Бекбол Орынбасаров: АЭС важна для будущего страны

admin_altyalash

Депутаты Мажилиса обсудили вопросы поддержки детского спорта с жителями Жезказгана

admin_altyalash