Қызылтас шатқалында «Таза Қазақстан» аясында экоакция өтті. – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Тамыз 27, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Қызылтас шатқалында «Таза Қазақстан» аясында экоакция өтті.

04.10.2024
0
Қызылтас шатқалында «Таза Қазақстан» аясында экоакция өтті.

Қызылтастың бірегей петроглифтері мемлекет қорғауына алынды.

3 қазан күні Жетісу облысында бірқатар атаулы шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтсақ, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін Талдықорған қаласында «Қызылтас – тасбақа» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, қала әкімі Ернат Бәзіл, қоғам белсенділері, өңір жастары, эко-еріктілер, «Жасыл ел» еңбек жасақтары қатысты.

Шара барысында Қызылтас аумағындағы бірегей петроглифтер жергілікті маңызы бар қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізілгендігі туралы тақта орнатылды.

Осы орайда өңірдің экобелсендісі Динара Бакирова тасқа қашалған петроглифтерді тарихтан сыр шертетін ескерткіш ретінде қорғауға алғаны үшін Мемлекет басшысы мен облыс басшылығына өз алғысын білдірді.

Еске салар болсақ, осының алдында облыс әкімі Бейбіт Исабаев экологтармен, қала тұрғындарымен, құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Тасбақа» тауы мен жартастағы петроглифтерді сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдағанын, карьерді игеру заң аясында тоқтатылғанын, бірлескен күш-жігердің арқасында бұл мәселенің шешімі табылғанын мәлімдеген болатын.

«Қазақстан студенттер Альянсы» Жетісу облысы бойынша филиалының төрағасы, эковолонтер Ескендір Амандос: «Ел көлемінде өткізіліп жатқан ауқымды тазалық акциясы – аса маңызды науқан. Жастар ғана емес, аға буын – ардагерлердің, орта буын – ел ағаларының, жас ұрпақтың иық тіресуімен бірге атқарылып жатқан тазалық шаралары туған елге деген шынайы сүйіспеншіліктің дәлелі іспеттес. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың туған өлкенің табиғаты мен тарихына деген сүйіспеншілігін, жер алдындағы жауапкершілігін өте жақсы тәрбиелейді және адамдардың экологиялық сауаттылығын арттырады!»

Сонымен қатар, Текелі қаласында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Торғын Тұрлыбаевамен «Жан мен тәннің тазалығы – рухани тазалықтың өзегі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада қала жастары, эко-еріктілер бас қосты. Дөңгелек үстел барысында жастар табиғатқа ұқыпты қарау, қоршаған ортаны таза ұстау жөнінде пікір алмасты.

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» тазалық акциясы аясында тазалық шаралары тұрақты үрдіске айналып, жалғасын тауып келеді. Тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болған экологиялық шараға бүгінде 200 мыңға жуық адам ат салысып, түрлі тазалық шараларына қатысуда белсенділігін танытуда.

Жалпы «Таза Қазақстан» тазалық акциясын өткізуге Жетісу облысы бойынша жалпы саны 1 611 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 7 793 тонна қоқыс шығарылып, 30 726 түп ағаш отырғызылды.

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының ақпарат бойынша

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жамбыл облысында жылына 30 млн жұмыртқаға арналған инкубатор іске қосылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Құмар ойындарға қатысуға тыйым салудың алғашқы шаралары қолданылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.